Профессор Кай Нобахтың (PhD) «Бизнесті жоспарлау және өнімділікті өлшеу»тақырыбындағы қонақ дәрісі
2023 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің Георг Симон Ом атындағы Нюрнберг қ., Германия, техникалық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында, профессор Кай Нобах (PhD) «Бизнес жоспарлау және өнімділікті өлшеу»тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Қонақ дәрісіне профессор-оқытушылар құрамы мен бизнес кафедрасының білім алушылары қатысты.
Дәріс аясында келесі мәселелер қаралды:
— Басқарушылық бақылау негіздері;
— Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы стратегияны іске асыру;
— Бюджеттер мен болжамдарды дайындау;
— Шығындар мен рентабельділікті талдау;
— Рентабельділіктің маңызды көрсеткіштеріне шолу.
Қонақтар дәрісінің соңында тыңдаушылар Кай Нобахқа алған ақпараты үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.
Бизнес кафедрасы