ҚАЕУ-ге 30 жыл: ҚАЕУ-нің жаңа криминалистикалық полигонының ашылуы

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы стратегиялық серіктестік туралы Шарт шеңберінде 2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің жаңа криминалистикалық полигонының ашылуы болып өтті. Бұл оқу процесін ұйымдастырудың тәжірибеге бағдарлану бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Криминалистикалық полигонды техникалық жарақтандыру Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.

Жаңа криминалистикалық полигонның ресми ашылу салтанатына ҚАЕУ бірінші вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Ерболұлы Байкенов, ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Медет Тасырханұлы Бердімұратов, жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы, полиция подполковнигі Жақсылық Қаликарманұлы Көрпебаев қатысты.

Жақсылық Қаликарманұлы қатысушыларға криминалистикалық полигонның мүмкіндіктерін көрсетіп, ШҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасы қызметінің ерекшеліктері туралы айтты.

Криминалистикалық полигон құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының білім алушыларына криминалистика, оқиға орнын тексеру саласында өздерінің  тәжірибелік дағдыларын дамытуға және жетілдіретін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Осындай ынтымақтастықтың арқасында университет түлектері теориялық сауатты ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп органдарында  тәжірибелік жұмысқа дайын болады.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің басшылығы мен ұжымы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан  Болатұлы Омарбековке және ШҚО Полиция департаментінің ұжымына құқық саласында білікті кадрлар даярлау мәселесінде университетке көрсеткен белсенді ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы