ҚАЕУ оқытушысы Білім, ғылым, мәдениет және техника қызметкерлері конгресінің жұмысына қатысты

2024 жылғы 17-18 ақпанда Мәскеу қаласында бесінші Ресейлік Әлеуметтік форумы аясында өткен «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы әлеуметтік саясаттың міндеттері»  Білім, ғылым, мәдениет және техника қызметкерлері конгресінің X сессиясының отырысы өтті.

Конгрестің талқылауына шығарылған негізгі мәселелер: білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттері; білім берудің, ғылымның, мәдениеттің, денсаулық сақтаудың мәндік мазмұнын сақтау; коммерцияландырудың, бюрократияландырудың баламалары; білім берудің, ғылымның, мәдениеттің, денсаулық сақтаудың  өзекті мәселелерін шешуде мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің оң және теріс тәжірибесі.

Мәскеуде аталған форумға Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі  Мужчиль Савелий Александрович қатысты.

Конгрестің нәтижесі заң шығарушы органдар мен қоғамдық ұйымдарға бағытталған қарарлар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірқатар материалдар болды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы