ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттеріне арналған кездесу

2024 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университеті ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттері үшін кәсіптік бағдар беру бойынша маңызды және танымдық кездесу өткізді. Іс-шараға университет өкілдері қатысып, қатысушылармен құнды білім мен тәжірибе алмасуға дайын болды. Баяндамашылар қатарында ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті – Дэниэль Бэлласт, бірінші вице-президент – Жасұлан Ерболұлы Байкенов, қысқартылған білім беру бағдарламалары факультетінің деканы – Надежда Михайловна Шефер, құқық және халықаралық байланыстар кафедрасының меңгерушісі – Қайрат Оралханұлы Алембаев, сондай-ақ маркетинг және қабылдау бөлімінің жетекшісі – Азамат Бердібекұлы болды.

Бұл іс-шара студенттерді университеттегі оқу және даму мүмкіндіктерімен таныстыру, қолжетімді бағдарламалар, халықаралық тәжірибелер туралы ақпаратпен бөлісу және қатысушылардың сұрақтарына жауап беру мақсатында ұйымдастырылды. Мамандардың әрқайсысы өз  білім саласы мен тәжірибесін көрсету арқылы маңызды үлес қосты.

Маркетинг және қабылдау бөлімі