ҚАЕУ бейіндік сыныбы: стартап-мәдениет және Қазақстандағы IT-даму мүмкіндіктері

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және «IT-технологиялар» курстарын зерделеу аясында 2023 жылғы 17 мамырда бизнес кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы және ҚАЕУ бейінді сыныбының білім алушылары Шығыс Қазақстан өңірлік «Oskemen IT-HUB»-ға барды (https://astanahub.com/ru/l/OskemenITHub).

«Oskemen IT-HUB» негізгі мақсаты – стартап-мәдениет пен-қоғамдастықты ілгерілету, стартаптарды дамыту үшін қолайлы орта құру және Қазақстанды IT саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыру.

Өңірлік штаб басшысы Дидар Мұратұлы IT-хабтың қызметі мен құрылымы туралы айтып, қызықты экскурсия өткізді, болашаққа арналған жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті, сондай-ақ Oskemen IT-Hub барлық қатысушыларына тиімді бизнес-процестерді құруға, сондай-ақ оларды масштабтауға, пікірлестермен танысуға және инвестициялар тартуға дайындыққа көмек көрсетілетінін атап өтті. Pitchdeck тұсаукесерлер жасауға, сонымен қатар топтық және жеке тәлімгерлік сессияларға қатысуға үйретеді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы