ҚАЕУ делегациясының Германия университетіне сапары

Қазақстан-Американдық еркін университеті делегациясының Германиядағы серіктес-ЖОО –  Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіне (Цвиккау қ.) кезекті сапары аяқталды. Сапар DAAD академиялық алмасу бағдарламасы түлектерінің жазғы семестрі мен халықаралық апталығы аясында өтті. Іс-шаралар бағдарламасына Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Түркменстан, Албания елдерінің өкілдері қатысты. ҚАЕУ делегациясының құрамына ҚАЕУ қауымдастырылған профессоры Ю.В. Новицкая, бизнес кафедрасының аға оқытушысы Р.К. Четтікбаев, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ю. О. Энгель және халықаралық бөлім директоры А.Е. Четтікбаева кірді.

Четтікбаев Р.К. және Новицкая Ю.В. бағдарламаға қатысушылар үшін білім беруді цифрландыруға байланысты – «Challenges in Digital teaching and writing – Perspective it tools» және «Рedagogical challenges in digital teaching, learning and writing» тақырыптарда интерактивті дәрістер өткізді, aл Энгель Ю.О. Қазақстан Республикасында көпмәдениетті білім беру туралы «Мultikulturelle» Ausbildung in der Republik Kasachstan» таныстырылымын жүргізді.

Барлық қойылымдар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, нәтижелі пікір алмасумен аяқталды.

Шетел тілдері кафедрасы