ҚАЕУ мектептер пен колледждердің 2022 жылғы түлектеріне есігін айқара ашты

2022 жылғы 18 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде мектептер және колледждердің 2022 жылғы түлектері үшін «Ашық есік күні» басталды. Негізгі іс-шара басталғанға дейін талапкерлер ҚАЕУ туралы фильм көруге және бас оқу ғимаратына экскурсия жасауға мүмкіндік алды.

Ашық есік күні қатысушыларға университетпен танысуға, университеттің құрылу тарихын білуге және студенттік өмір ахуалына енуге тамаша мүмкіндік береді. Талапкерлер факультет декандарына, кафедра меңгерушілеріне, оқытушыларға өзекті білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқыту шарттары туралы сұрақтар қоя алды.

ҚАЕУ-нің негізін қалаушы және президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев және бірінші вице-президент Байкенов Жасұлан Ерболұлы құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық әріптестік ЖОО-ның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып берді.

Оқушылармен зияткерлік ойын өткізген ҚАЕУ студенттері өздерінің табыстары мен жетістіктері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтып берді.

Ресми бөлімнен кейін бизнес, құқық және халықаралық қатынастар, шет тілдері, педагогика және психология кафедраларының білім беру бағдарламалары таныстырылды.

Іс-шараның үшінші бөлімі грантқа түсу, олимпиадаларға, байқауларға, университеттің тілдік курстарына қатысу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан талапкерлердің мәселелеріне арналды.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің Ашық есік күні 2022-2023 оқу жылының әр жұма күні сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін өтеді. Қатысу үшін QR-код бойынша алдын ала тіркелу қажет.

Маркетинг және қабылдау бөлімі