ҚАЕУ мен «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы» ММ ынтымақтастық туралы шарттар жасасты

Атап айтқанда, ҚАЕУ мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚСЖА және ҚР БПАЕ арасында стратегиялық әріптестік (ынтымақтастық) туралы Шарт жасалды. Тараптар өзара сыйластық, теңдік, институционалдық тәуелсіздік және білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы тиімді ынтымақтастықтың өзара пайдасы қағидаттары негізінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты белгілеу және тереңдету мақсатында осы Шартты жасасты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Басқармасында ҚАЕУ-нің эксперименттік ғылыми-әдістемелік базасын ұйымдастыру туралы Шарт жасалды. Тараптар кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР БП КОКП және СУ басқармасында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының эксперименттік ғылыми-әдістемелік базасын құруға келісті. Кафедраның ғылыми-әдістемелік базасын құрудың мақсаты-білікті мамандарды даярлауды жақсарту, оқу процесінің ғылыми, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік бағытын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін  тәжірибелік қызметке енгізу.

Жоғарыда аталған шарттардан басқа кәсіптік іс-тәжірибе, білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми тағылымдама өткізу туралы Шарт жасалды: Құқықтану (бакалавриат, магистратура, докторантура), Құқық және құқық қорғау қызметі (бакалавриат), Құқық және кеден қызметі (бакалавриат).

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы» ММ-не ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Тәжірибеге бағдарланған оқыту ҚАЕУ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп үміттенеміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Логотип прокуратуры