ҚАЕУ-нің Республикалық пәндік олимпиададағы жеңісі

2023 жылғы 25 және 26 сәуірде ҚАЕУ «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дьячкова Анна Вадимовна «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ базасында неміс тілі бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Жетекшілері – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Шихатова Елена Витальевна және Энгель Юлия Олеговна.

Олимпиада 2 турдан тұрды. 1-тур шетел тілін меңгеру деңгейін бағалаудың жалпыеуропалық жүйесіне сәйкес С1 деңгейіндегі тест тапсырмасын орындаудан тұрды. 2-тур үй тапсырмасының тұсаукесері – жаһанданудың қазіргі жағдайында шетел тілін үйренуге арналған неміс тіліндегі жобалық жұмыстың тұсаукесері болды.

Дьячкова Анна құрметті 3 орынға ие болды!

Студентімізді құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!

Шетел тілдері кафедрасы