Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

ҚАЕУ студенті «Әлем елдерінің сайлау жүйелері»ІІІ Халықаралық интернет-олимпиадасының жүлдегерлері қатарына енді

2022 жылғы 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Параламентаралық Ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты  Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет-олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орындарынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан еліміздің 26 жоғары оқу орнынан 364 студент қатысты.

Ұйымдастыру комитеті мен халықаралық әділ-қазылар алқасы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет-олимпиадасының қорытындысына сәйкес интернет-олимпиаданың жеңімпаздары болып 101 және одан да көп балл жинаған ТМД елдері жоғары оқу орындарының 24 студенті анықталды.

Олимпиада жүлдегерлері болып 81-ден 100 баллға дейін алған 207 студент анықталды (27-сі қазақстандық студенттер). Олардың қатарында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Уәлхан Арман Маратұлы бар.

Интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы