ҚАЕУ студенттері   «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» олимпиадасына қатысты

2023 жылғы 15 қыркүйектен 30 қазанға дейін ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің Халықаралық институты, Саратов мемлекеттік заң академиясы және Халықаралық ғылыми ақпарат орталығы ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында IV Халықаралық «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» студенттік интернет-олимпиадасын өткізді.

Біздің университеттен аталмыш олимпиадаға келесі студенттер қатысты: Мейірім Зарлықанов, Дарья Кучина, Камила Скакова (3 курс, «Құқық және құқық қорғау қызметі» ББ), Ангелина Хорева және Алуа Әубәкірова (3 курс, «Құқықтану» ББ).

Олимпиада ұйымдастырушылары мен студенттерімізге қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы