ҚАЕУ VII Халықаралық Түркі әлемі әлеуметтік ғылымдар симпозиумына қатысты

ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы, «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, Phd доктор, Мукажанова Арай Мейрамбайқызы және Н.Ә.Нұрланқызының жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Дәурен Аян, Жәмсап Ақерке, Ошан Мәулипә ZOOM платформасы арқылы 2023 жылдың 2-4 маусымы аралығында Чехияның Прага қаласында өткен VII Халықаралық Түркі әлемі әлеуметтік ғылымдар симпозиумына қатысты.

Аталмыш симпозиумда Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Германия университеттерінің оқытушы, профессорлары мен магистрант, докторанттары баяндама қорғап, түркі әлемінің замануи мәселелерін талқылады.

Педагогика және психология кафедрасы
Шет тілдері кафедрасы