ҚАЕУ және ALTAI TV арасындағы ынтымақтастық

Үстіміздегі оқу жылы Қазақстан-Американдық еркін университеті «Қазақстан» РТРК» АҚ ШҚО филиалы, «ALTAI» теларнасымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасасты.

Осы шарт аясында 22 маусым күні «Педагогика және психология» кафедарсының меңгерушісі Нұрланова Әсем Нұрланқызы және 6В03201 «Журналистика» білім беру бағдарламасының оқытушылары Мошенская Наталья Алексеевна, Аян Дәуренұлы «ALTAI» теларнасының директоры Көшеров Нұртас Солтанұлымен кездесіп, ынтымақтастық туралы шарттың негізінде дуалды оқыту арналған екі жақты келісімге отырды.

ҚАЕУ 6В03201 «Журналистика білім беру бағдарламасының білім алушылары теориялық оқыту барысында алған білімдерін облыстың басты телеарнасынан практика аясында жүзеге асырып, кәсіби дағдыларын жетілдіре алады.

Педагогика және психология кафедрасы