ҚАЕУ жас ғалымдары М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады

2022 жылғы 23-25 қараша аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Заң факультетінде «Қазіргі әлемдегі Ресей мемлекеті және құқығы» атты XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2022 жылғы 24 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ базасында секциялық отырыстар өтті. Мемлекет және құқық теориясы секциясында «Ресейлік қылмыстық сериалдардың азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға әсері» тақырыбында онлайн-тәртіптемесінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары С. А. Мужчиль мен Е. М. Жүніспеков баяндама жасады.

Сөз соңында әріптестеріміз тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Бұл ғылыми конференцияның жұмысы жемісті өтті. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ге әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен ынтымақтастыққа мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы