ҚАЕУ делегациясы жыл сайынғы 71-ші Ұлттық Таңғы асқа қатысты

2023 жылғы 2 ақпанда Вашингтонда «Вашингтон Хилтон» қонақ үйінде 71-ші Ұлттық Таңғы ас (National Prayer Breakfast) – әлемдік саяси және іскерлік элитаның, діни және қоғам қайраткерлерінің бірнеше мың өкілдерінің дәстүрлі кездесуі өтті.

Іс-шара 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұндай құрметті жиналыс алғаш рет Президент Дуайт Д.Эйзенхауэрдің инаугурациясынан бір күн өткен соң өтті. Сол кезден бастап АҚШ-тың әр Президенті, сондай-ақ Сенат пен Өкілдер Палатасының мүшелері, Конгресстің негізгі мүшелері жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінен келген аса құрметті қонақтарды Ұлттық Таңғы ас аясында қабылдайды.

Таңғы ас әйгілі Вашингтон Хилтон қонақ үйінің Халықаралық залында (International ballroom) өтеді. Қонақ үй ғимаратының астына төрт қабатқа түсетін 29,631 шаршы футтық үлкен сопақ бағаналы залда 30 жылдан астам уақыт бойы Таңғы ас өткізіледі. Дуайт Д.Эйзенхауэрден бері АҚШ-тың әрбір Президенті іс-шараға қатысып, сөз сөйлейді. Осыған байланысты өткен спикерлердің тізімі қомақты. Спикерлердің қатарында әйгілі меценат Тереза Ана, қасиетті Далай лама, Англияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, U2 тобының әншісі және қазіргі заманның басқа да көшбасшылары болды.

Беделді екі күндік іс-шара – бұл тек таңғы ас емес. Оған түскі және кешкі аспен кездесулер мен форумдарға толы күн кіреді. Бұл іс-шараларға АҚШ-тың жетекші сенаторлары мен конгрессмендерінің, әлем елдерінің көшбасшыларының және танымал тұлғалардың сөз сөйлеуі кіреді.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің делегациясы осындай елеулі халықаралық іс-шарада Қазақстанның атынан қатысқаны ерекше сезімге бөлейді. АҚШ конгрессмендерінің шақырулары мен жеке Жолдауларға ие болғандар: ҚАЕУ президенті Ережеп Мәмбетқазиев, университет ректоры Айдар Мәмбетқазиев, ЖОО-ның Халықаралық серіктестік жөніндегі вице-президенті Дэниел Белласт.

Бұған дейін ҚАЕУ делегациясы АҚШ президенттері Джордж Буштың (2004 ж.), Барак Обаманың (2011 ж.) қатысуымен Ұлттық Таңғы асқа қатысқан болатын.

ҚАЕУ – 30 жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан ҚР-дағы тұңғыш Халықаралық серіктестік жекеменшік университеті үшін бұл факт – ХХІ ғасырдың болашақ көшбасшыларының жас ұрпағын дайындауда американдық тараптың бұл жоғары оқу орнының сіңірген еңбегін мойындауының сенімді дәлелі.

Ұлттық Таңғы аста АҚШ президенті Джо Байден сөз сөйлеп, бұл іс-шараның әлемдік қауымдастық үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Биылғы жылы АҚШ президентінің сөзінен басқа, іс-шарада Иордания Королі Абдалла II ибн Хусейн мен Патшайым Рания Әл-Абдалла, Пәкістан СІМ басшысы Биловал Бхутто Зардари және т. б. сөз сөйледі.

Ұлттық Таңғы ас аяқталғаннан кейін ҚАЕУ басшыларын Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев қабылдады. Кездесу барысында университеттің Американың жетекші жоғары оқу орындарымен одан әрі серіктестігінің жаңа бағыттары талқыланды.