Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Менеджмент-Ақпараттық жүйелер» (магистратура) қос дипломды бағдарламасын аккредиттеуге қатысуы

2022 жылғы 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін бірінші вице-президент Ж.Е.Байкенов және бизнес кафедрасының меңгерушісі Бордияну И.В.  IDEA (Internationalization through advanced Digital Education in Asia and Caucasus) жобасы аясында Батыс Cаксон қолданбалы ғылымдар университетінде (Цвиккау қ., Германия) болды.

Сапардың мақсаты – бес жоғары оқу орны – Қазақстан – Американдық еркін университеті (Қазақстан), Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Халықаралық Қара теңіз университеті (Грузия), Армян мемлекеттік экономикалық университеті (Армения), Қырғыз-Герман Қолданбалы информатика институты (Қырғызстан)   тартылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігінің (ASIIN) «Менеджмент-Ақпараттық жүйелер» (магистратура) қос дипломды бағдарламасын аккредиттеу.

Серіктес университеттер DAAD қаржыландыратын «Азия мен Кавказдағы озық цифрлық білім беру арқылы интернационалдандыру» жобасы аясында ынтымақтасады. Осы ынтымақтастық аясында оқу бағдарламасы 2023-2024 оқу жылында басталады.

Қос дипломды бағдарлама білім алушыларға өздерінің кәсіби құзыреттерін компьютерлік ғылымдар, бизнес-ақпараттық жүйелер, менеджмент және іскерлік әкімшілендіру саласында байланыстыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Сонымен қатар, бағдарлама білім алушыларға мәдениетаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Аккредиттеу бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтыды:

  1. Бағдарлама  жетекшілерімен сұхбат;
  2. Университетті қарау;
  3. Университеттің даму келешегіне, кадрлық жоспарлауға, оқу сапасына байланысты мәселелерді университет басшылығымен және бағдарламаға жауаптылармен талқылау;
  4. Студенттермен сұхбат;
  5. Профессор-оқытушылар құрамымен сұхбат.

Соңында сарапшылар тобы атқарылған жұмыстар туралы өз әсерлерімен бөлісті, кейбір түсініксіз тұстарды толықтыруға және түсіндіруге мүмкіндік берді.

Бизнес кафедрасы