«Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасы: оқу орындарында қолданудың тәжірибелік аспектілері» тақырыбындағы Дөңгелек үстел

2023 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ШҚО Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасы: оқу орындарында қолданудың  тәжірибелік аспектілері» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, Үмітчинова Ботагөз Аспандиарқызы болды.

Дөңгелек үстел барысында шетелдік оқытушылар мен студенттерді білім беру  үдерісіне тарту процесінде оқу орындарының алдында тұрған негізгі  мәселелер мен қиындықтар талқыланды, сондай-ақ білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

ШҚО ПД ОӘК бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Шкибаев Ринат Қасымқанұлы, ШҚО ПД ОӘК бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Манқұтова Гүлмира Қамбарқызы Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы