Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-де «Тәуелсіздік жетістіктері»  салтанатты рәсімі болып өтті.

2023 жылғы 22 желтоқсанда ҚАЕУ өкілдері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-де өткен «Тәуелсіздік жетістіктері» салтанатты рәсіміне қатысты. 

Салтанатты іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқандарды құрметтеуге арналған. Салтанатты рәсімде биылғы жылы республикалық және облыстық деңгейдегі  байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанған №39 мектеп оқушылары марапатталды.

Әлеуметтік серіктестер мен ата-аналар алғыс хаттар алды.

Мектеп директоры Абюрова Гүлмира Қайырқанқызы ҚАЕУ президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлына жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Барлық қатысушыларды, байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын, сондай-ақ олардың ата-аналары мен  ұстаздарын құттықтаймыз. Оқуда табыс, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Бизнес кафедрасы