ҚР-дағы үздіксіз білім беру  мәселелері мен келешегі

Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қою қажеттігін талап етеді.

Жаһандық өзгерістер аясында еңбек ресурстарының құзыреттері мен біліктілігіне қойылатын талаптар тек қана арттырылатын болады, бұл ұлттық еңбек нарығын реттеу саясатын жандандыру және елдің еңбек әлеуетінің сапасын арттыруға және оны тиімді пайдалануға бағытталған білім беру жүйесін жетілдіру қажеттігін негіздейді. “Өмір бойына білім беру” парадигмасының “өмір бойында білім беру” парадигмасына ауысуы Қазақстан Республикасы үшін “үздіксіз білім беру” деген жаңа ұғымды ашты.

2023 жылғы 8 маусымда ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту жөніндегі проректор, з.ғ.к. Ю.А.Гаврилова және педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Ә.Н.Нұрланова  “Халықаралық кәсіптік қосымша білім беру қауымдастығы” (Ресей) білім беру-әдістемелік консорциумы өткізген, Қосымша кәсіптік білім беру апталығы шеңберінде “Цифрлық білім беру ортасы жағдайында үздіксіз білім беру процесін іске асырудың модельдік шешімдері” секциясының жұмысына қатысты. Юлия Александровна мен Әсем Нұрланқызы “Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру  мәселелері мен  келешегі” атты баяндама жасап, “өмір бойында білім беру” мәселелері мен шешу жолдарын қозғады.

Жұртшылықпен  байланыс орталығы