СҒЗЖ республикалық конкурсы

ЖОО ректорларына

Қазақстан-Американдық еркін университеті, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментінің 15.03.2023 жылғы №06-2/83-вн хатына сәйкес жарияланған, ҚР жоғары оқу орындарында 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсын өткізу жөніндегі базалық ЖОО ретінде, II кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурсқа жұмыстар «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар» талаптарына сәйкес 2023 жылғы 28 наурыз бен 29 сәуір аралығында қабылданады.

Конкурсқа жұмыстарды белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз:

  • 070000, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 76, «ҚАЕУ» ЖШС мекенжайы бойынша қағаз жеткізгіште («СҒЗЖ республикалық конкурсына»деген белгісі бар).
  • электрондық тасымалдағышта, e-mail: kafedra_pedagogiki_i_psihologii@mail.ru

Анықтама телефоны: 8(723) 2 502835

Қосымша:

Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ЕРЕЖЕ