ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні
2022 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан-Американдық Еркін университетінің бизнес және басқару бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс білім алушылары «Салық және салық салу» пәнін оқу шеңберінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күніне арналған іс-шараға қатысты.
Кездесудің модераторы ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камилиеқызы, ҚАЕУ бизнес кафедрасының «Салықтар және салық салу»пәні бойынша шақырылған оқытушы- тәжірибегер ретінде сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау міндеттерін орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.
Білім алушылар Мемлекеттік кірістер департаментіне (бұдан әрі-МКД) барып:
— ШҚО бойынша МКД-ның қандай бағыттары бар екенін, атап айтқанда оңалту және банкроттық, салықтық әкімшілендіру, кедендік әкімшілендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бағыт, статистика және ақпараттық жүйелер бағыты білді;
— ағымдағы және келешектегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды;
— басшының орынбасары Ерік Мұхамедқанапияұлы Татубаевтың Департамент қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамасын тыңдады.
Балаларға «Майқапшағай» бірыңғай өткізу бақылау — өткізу пунктінің қайта құрылуы туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ цифрлық технологиялар ғасырында салық төлеушінің өмірін едәуір жеңілдететін «e-Salyq business», «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшалары туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Іс-шарадан кейін студенттерге 36 сағат көлемінде «Салықтар мен салық салуды зерттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілері» курсынан өткені туралы сертификаттар табысталды.
Бизнес кафедрасы