ШҚО МАЭС Ашық есік күні

2023 жылдың 18 сәуірінде «Құқықтану» ББ 3 курс студенттері Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер соттың, сот кеңсесінің және оның бөлімдерінің, сот мұрағатының жұмысымен, сотта өндірістік  әс-тәжірибеден өту мүмкіндігімен танысты, сондай-ақ сот отырысына көрермен ретінде қатысты, сот медиациясын жүргізу тәртібін, электрондық сот ісін жүргізу мен құжат айналымын, татуластыру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде сотқа дейінгі хаттаманың маңыздылығын зерделеді.

ШҚО МАЭС басшылығына – Сот Төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына, кеңсе меңгерушісі Рыбкина Алена Юрьевнаға қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы