ШҚО полиция Департаментіне экскурсия

2023 жылдың 6 сәуірінде «Құқық және құқық қорғау қызметі» 1 және 2 курс студенттері ШҚО полиция Департаментіне барды. Студенттер ПД Орталық жедел басқармасының қызметімен танысты. Департамент қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар, бейнебақылау камераларының жұмысы, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер ішкі істер органдарының мұражайына барды, онда ішкі істер органдарының жұмысы туралы тарихи фотоматериалдарды, кітаптарды, альбомдарды, полиция қызметкерлерінің формасын және басқа да экспонаттарды көре алды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаментіне полиция органдарының жүргізіліп жатқан жұмысы және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылу және даму тарихы туралы қызықты және танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы