ШҚО Полиция департаментінде Ашық есік күні

2024 жылдың 12 наурызында «Құқық» білім беру бағдарламалары тобының Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері мен магистранттары Ашық есік күні аясында облыстық Полиция департаментіне барды. Іс-шарада полиция қызметкерлерін қару-жарақпен және киім-кешекпен стендтер, қылмысқа қарсы күрестегі арнайы-техникалық құралдар, ведомстволық наградалар мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің айырым белгілері ұсынылды. Өскемен қаласының Жедел басқару орталығының жұмысы, ішкі істер органдарының мұражайы, киберполиция бөлімі көрсетілді.

Сондай-ақ, ШҚО ПД басшылығы полиция органдарына, ведомстволық білім беру мекемелеріне түсу және ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы түсініктеме берді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы