«Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі» тақырыбында қонақ дәрісі

2024 жылдың 9 ақпанында ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Кабыкенкызының жетекшілігімен педагогикалық білім беру бағдарламаларының 2 курс білім алушылары үшін «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша «Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Қонақ дәрісінің лекторы ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куйкалакова Куралай Адилбековна («Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ) және бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Кобыкбаева Бакытнур Айтмукашкызы («Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ) шақырылды.

Олар сынып жетекшісінің атқаратын қызметі мен міндеттері туралы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Білім алушылар қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің рөлі, оның құзыреттілігі, оқу процесін ұйымдастырудағы орны, оқушылармен және олардың ата-аналарымен ынтымақтастық орнатуы, педагогикалық ұжыммен жұмысы, сондай-ақ сынып жетекшісі үшін кәсіби өзін-өзі дамытудың маңыздылығы мен кездесетін қиыншылықтар туралы толыққанды мағлұмат алды. Дәрісте болашақ педагогтарға құнды тәжірибелік білім берілді. 

Біз қонақ дәрістің өтуіне ықпал еткен «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ директоры Назарбаева Жаныл Кайырбековна мен «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директоры Газизова Карлыгаш Кабдешовнаға үлкен алғысымызды білдіреміз және болашақтағы ынтымақтастыққа үміттенеміз.