ТМЗУ оқытушысы У.Х. Рахимованың қонақ онлайн-дәрісі

2023 жылғы 2 қарашада КАСУ мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы У.Х. Рахимованың «Тергеу әрекеттері» тақырыбында қонақ онлайн-дәрісі өткізілді. Аталған дәрісті «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері тыңдады.

Ұлзана Хамидоллақызы Өзбекстан Республикасының заңнамасы бойынша тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан заңнамалары бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің нормативтік-құқықтық тәртібіне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізді.

Студенттер қонақтың қызықты сөзін атап өтіп, болашақта Ульзана Хамидуллаевнаның жаңа дәрістерін тыңдауға ниет білдірді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы