Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

Туризм бойынша ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада

2022 жылғы 27 қазанда «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығы халықаралық туризм күнін мерекелеу аясында «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-4 курс білім алушылары арасында ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада өткізді.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты – туризм саласындағы білім алушылардың қызығушылығын арттыру және білімі мен дағдыларын тереңдету.

Олимпиада екі турдан тұрды:

  • I тур- тұсаукесер. Олимпиадаға қатысушылар ұсынылған тақырыпқа тұсаукесер дайындады.
  • II тур – ашық сұрақтар, тест және кейс-тапсырма. Олимпиадаға қатысушылар толық және егжей-тегжейлі жауап беретін үш ашық сұраққа жауап беріп, берілген тақырып бойынша кейс шешті.

Олимпиадаға «Туризм» ББ 4 курс білім алушысы Закуова Айдана, «Туризм» ББ 1 курс білім алушысы Глушаков Артем, Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Туризм» ББ 3 курс білім алушысы Просин Сергей қатысты.

Ғылыми жетекшілері – бизнес кафедрасының аға оқытушылары Калиева Арайлым Ерікқызы және Айтқазина Мадина Маратқызы.

ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің командасы I орын алды.

Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз!

Бизнес кафедрасы