Волейболдан Республикалық Чемпионаттағы жеңіс

2023 жылғы 12-16 маусым аралығында Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында волейболдан Республикалық Чемпионат өтті. Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 команда қатысып, өз өңірлерінде үш кезеңдік іріктеуден өтті.

Шығыс Қазақстан облысының атынан оқытушы Канат Толеуханулы Толеухановтың жетекшілігімен ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің волейболдан қыздар командасы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша біздің командамыз волейболдан 3-ші орынға ие болды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 және 2 курс студенттері «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Сембинова Аружан, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Серьянова Самира Дипломдармен марапатталды.

ҚАЕУ Жоғарғы колледжінің командасын жеңісімен құттықтаймыз!