Университет туралы

Қазақстан-Американдық еркін университеті 1994 жылы ашылған, заманауи материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар АҚШ-пен халықаралық серіктестіктегі алғашқы жеке меншік университет.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №0137478 мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы бар.

 Лицензияны тіркеу

 Университет Республикада алғашқылардың бірі болып:

  • ACBSP (АҚШ) Халықаралық мамандандырылған аккредитациясын алды;
  • ағылшын тілін білетін мамандар даярлауды бастады.

ЖОО моделі екі бағдарламадан тұрады: американдық және қазақстандық.  Американдық бағдарлама аясында менеджмент, құқық, ақпараттық жүйелер және шет тілі саласындағы бакалаврлар мен магистрлерді, Ph.D. докторларын даярлау жүзеге асырылады.  Американдық бағдарламада оқыту АҚШ, Канада, Еуропа және Австралия мамандарын тарта отырып, ағылшын тілінде жүргізіледі.

ҚАЕУ басымдықтары:

  • Оқу процесіне шетелдік серіктестер – АҚШ, Канада, Еуропа, Аустралия, Сингапур, Германия университеттері оқытушыларының, тәжірибелі менеджерлер, заңгерлер, банкирлер, бизнесмендердің (жыл сайын 40-тан астам) қатысуы.
  • Ағылшын тілін (тіл иелерімен тікелей байланыста) және компьютерлік технологияны тереңдетіп оқыту, бұл екі сертификатпен расталады (дипломға қосымша).
  • Өндірістік іс-тәжірибе АҚШ-та, оның аналогтары республиканың жоғары оқу орындары арасында жоқ.
  • «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы, онда Қазақстанның болашақ көшбасшылары тәжірибелі білім беру басшыларының, АҚШ-тың, Еуропаның ірі мамандарының тәлімгерлігімен қосымша білім алып, Көшбасшылық академиясында (Портланд қ., Орегон штаты) тағылымдамадан өтіп, сертификат алады.

Университет  құрылымында 2 колледж бар: ҚАЕУ  Жоғары колледжі мен Экономика және қаржы колледжі. 6 корпус, оның ішінде  – 3 оқу корпусы, спорт залы, жатақхана, қонақ үй, «Сибины» оқу-өндірістік базасы бар.

Сонымен қатар, университетте мемлекеттік білім беру гранттары, жергілікті бюджет гранттары, ҚАЕУ президентінің гранттары, шетелдік серіктестердің гранттары және әскери кафедрада оқу мүмкіндігі болады.

лицензия