«Заманауи лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу

2022 жылғы 2 желтоқсанда Сүлейман Демирел атындағы Университетте (Қаскелең қ.) «Заманауи лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан-Американдық еркін университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы З.К. Шұңкырова және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.

Осы конференция аясында ҚАЕУ студенті Э.Н. Бұзұртанова «Бастауыш мектепте қайта баяндауды оқыту арқылы коммуникациялық қабілеттерді дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция оған отандық жетекші ғалымдардың қатысуының арқасында жоғары деңгейде өтті.

Ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Педагогика және психология кафедрасы