Жанжалдарды шешуді үйренудеміз

Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстанда оқушылардың 44% – ы буллингтің құрбаны болып табылады. Әдетте қудалауды құрдастары ұйымдастырады. Кейде бұл қудалау мен ұрып-соғумен бірге жүретін ерекше қатыгез түрде көрінеді.

Бұл мәселені бүкіл қоғам болып шешуі керек, ең алдымен балаларға өз құқықтарын қалай қорғауға және жанжалдарды шешуге үйрету керек. Сондықтан ҚАЕУ-де білім беру ортасындағы жанжалдардың алдын алуға және шешуге арналған ШҚО аудандарының мектептері үшін жоба іске асырылуда. АҚШ Елшілігінің қолдауымен ШҚО аудандарындағы мектеп психологтары, мұғалімдері мен оқушылары жанжалдарды шешудің медиативтік дағдыларын қалыптастыру арқылы толерантты мінез-құлық мәдениетін үйренеді.

Жоба аясында медиатор-жаттықтырушылар дауларды құқықтық өріс шегінде және әлемдік қауымдастық мойындаған медиация сияқты құралдардың көмегімен шешуге үйретеді.

Психологтар оқушылар мен мұғалімдерді мектеп қақтығыстарының психологиялық-педагогикалық негіздерімен таныстырады, ең бастысы – мұндай дауларды шешу бойынша практикалық кеңестер береді.

Жоба үйлестірушілері ШҚО аудандарының мектептерінде оқушылар, ата-аналар, педагогтар, мектеп әкімшілігі арасындағы жанжалдарды шешуге ықпал ететін Мектеп медиация қызметтерін құрудың нәтижелерін көреді.

Егер біз білім беру ортасындағы  жанжалдарды шешуді және алдын алуды үйренсек, онда толерантты мінез-құлықтың қалыптасқан  үлгісі қоғамның, мемлекеттің және әлемдік қоғамдастықтың тұрақты дамуына көмектеседі.

KAFU LAEDERS ҚБ