«Балабақша-Мектеп-ЖОО» жобасы аясындағы ынтымақтастық

2018 жылдан бастап ҚАЕУ-де университеттің және ШҚО білім басқармасының дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Жоба бағыттарының бірі мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды шет тілдеріне оқыту болып табылады. Сабақтарды өткізуге «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының университет студенттері және «Тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ҚАЕУ Жоғары колледжі (шет тілі мұғалімі) тартылады.

2019 жылдан бастап серіктес мектепте ағылшын тілінен басқа «ЕуропАзия» халықаралық білім беру ұйымымен (Франция, Париж қ.) ынтымақтастықта француз тілін оқыту енгізіле бастады. Бұл жобаға Өскемен қаласының № 10, 38 гимназиялары мен № 2 мектебі белсенді қосылды.

2023 жылғы 16 қазанда «Дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ базасында «Француз күзі»фестивалі нысанында көптілді білім беру жобасын іске асыру тәжірибесі ұсынылды. Іс-шараға ШҚО білім басқармасының басшысы И.А.Чернышева, «ЕуропАзия» халықаралық білім беру ұйымының президенті А. Кассильд (Франция, Париж қ.), Өскемен және ШҚО Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, қалалық мәслихат депутаты С.В.Коротин, облыс және қала мектептерінің директорлары қатысты. Қазақстан-Американдық еркін университеті атынан Н.А. Нестеренко – ҚАЕУ ректорының кеңесшісі және М.И. Кикина – проректор, ҚАЕУ Жоғары колледжінің директоры қатысты.

Жоба қатысушыларымен оқушылардың, студенттер мен оқытушылардың шығармашылық сөз сөйлеуі, көптілді білім беруді жүзеге асырудағы серіктес мектеп директорларының тәжірибесін талдап қорыту ұсынылды.

Жұртшылықпен байланыс орталығы