«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі

Алембаев Кайрат Оралканович

Т.А.Ә.: Алембаев Кайрат Оралқанұлы –PhD докторы,
доцент, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі
e-mail: kairat_kafu@mail.ru
Мекен жайы: М.Горький к., каб. 407
Телефон: 8/7232/50-28-39

Алембаев Қайрат Оралқанұлы – 1983 жылы туған, білімі жоғары, 6D030100 «Құқықтану»мамандығы бойынша PhD докторы. Педагогикалық өтілі -18 жыл.

Қазақстан-Американдық еркін университетін 021640 «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Заңгер»біліктілігін алған.

2004 жылдан ҚАЕУ «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушы, доцент болып жұмыс істейді. 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Құқық және халықаралық қатынастар»кафедрасының меңгерушісі.

2010 жылы з.ғ.д., профессор Е.Б. Абдрасуловтың жетекшілігімен «Қазақстан Республикасы мен АҚШ Мемлекеттік басқару жүйесін салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбы бойынша докторлық (PhD) диссертациясын сәтті қорғады.

2012 жылы диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша монография жарық көрді. 2019 жылы бірлескен авторлықта екі оқу құралы шығарылды: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.

«ҚАЕУ үздік оқытушысы» байқауының екі дүркін жеңімпазы (2017-2018 және 2018-2019 оқу жылдары).

100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдардың авторы.

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына: дипломдық жұмыстарына, магистрлік диссертацияларына, халықаралық ғылыми конференциялардағы баяндамаларына белсенді басшылық жасайды. ШҚО полиция департаменті, Өскемен қ. полиция басқармасы, ШҚО прокуратурасының қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық даярлау аясында дәріс оқуға жиі шақырылады.

Түрлі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың көптеген грамоталары мен алғыс хаттары бар.