«Шетелдегі халықаралық бизнес» бағдарламасы (ұзақтығы 1 семестр)

Бағдарламаның сипаттамасы: Экономикалық мамандықтардағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын шетелдік студенттер Қазақстанда бір семестр көлемінде оқи алады. Сонымен қатар, студенттер халықаралық бизнес қызметі туралы түсініктерін кеңейтіп, Қазақстанның тілдері мен мәдениетін оқи алады. Студенттер ҚАЕУ-де бір семестрге тіркеліп, 18 кредитке дейін пәндерді таңдай алады. Бағдарламаның артықшылықтары:

·         Бір семестр бойында экономикалық пәндерді оқу ( аптасына 9-12 сағат);

·         Жергілікті кәсіпорындарға бару арқылы Қазақстанның бизнес ортасы туралы студенеттерге түсінік беретін «Бизнес перспективалары» пәні (3 кредит);

·         Жеке репетитормен және практикалық тапсырмалармен қазақ немесе орыс тілі (өз таңдауына қарай) бойынша жеделдетіп оқыту (аптасына 3-6 сағат);

·         Жалпыға білім беретін пәндер бойынша оқу немесе мәдениетті оқу бойынша курстар (аптасына 3-6 сағат).

Оқу жоспары: қазіргі кезде ағылшын тілінде оқытылатын ҚАЕУ –дегі пәндер:

·      Маркетинг

·      Халықаралық бизнес

·      Ұйымдастырушылық әдеп

·      Бизнес этикет

·      Экономикалық теория

·      Менеджмент

·      Стратегиялық менеджмент

·      Персоналды басқару

·      Жобаларды басқару

·      Тәуекелдерді басқару

·      Сапа менеджментінің жүйесі

·      Ақпараттық жүйелер

·      Бағдарламалау

·      Операциялық жүйелер

·      Халықаралық қатынастар

·      Мәдениеттану

·      Психология

·      Мәдениетаралық коммуникация

Студенттер оқығысы келетін семестрде қол жетімді пәндерді анықтау үшін университетпен хабарласуға кеңес беріледі.

Бағасы:  тұру, ұшу мен визалық шығындарды есептемегенде, бір семестр үшін АҚШ-тың 1000 долларына баламалы. Оқу үшін екі жақты ақы төлемеуге ҚАЕУ-мен келісілген университетте оқитын студенттер үшін растау алған жағдайда бір семестр тегін оқу мүмкіндігі бар.

Талаптары: Студенттер өз университеттеріндегі бизнес мамандық бойынша бакалавриат бағдарламасында оқуы керек. Студенттер оқып қойған пәндері бойынша транскрипт жіберуі керек. Студент ҚАЕУ арасындағы келісім-шартты толтыруы керек. Студенттер ағылшын тілінің минималды деңгейі бойынша тест тапсырулары керек (ағылшын тілінде сөйлейтін елден келген үміткерлерге қатысты емес).

Күнтізбелік жоспар: бағдарлама күзгі (қыркүйек-желтоқсан) және көктемгі (қаңтардың ортасы – мамырдың ортасы) семестрлерде жүзеге асырылады. 

Кредиттерді бағалау: Студенттер ҚАЕУ-ден семестр бойында оқыған пәндер бойынша ресми транскрипт алады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және АҚШ-тың бизнес мектептері мен бағдарламаларын аккредитациялау бойынша кеңестің аккредитацияларынан өткен.