Шетелдік студенттерге арналған бағдарламалар

Қысқаша мазмұны:

Қазақстан-Американдық еркін университеті (ары қарай ҚАЕУ) шетелдік студенттерге арналған әртүрлі  бағдарламаларды, соның ішінде қысқа мерзімді бағдарламалар, семестр бойынша оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар, академиялық дәрежені беретін магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алуды ұсынады.

Шетелдік студенттер үшін ҚАЕУ-дің бакалавриатындағы бір семестр ұзақтығы бар ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламаларды (шетелде бір семестр білім алу бағдарламасы) ұсынады. Бұл бағдарламалар:

1.  Халықаралық бизнес

2.  Педагогика және ағылшын тілін оқыту

3.  Тіл мен мәдениетті оқу (қазақ немесе орыс тілдері)

ҚАЕУ магистратурасының шетелдік студенттері үшін ағылшын тілінде оқытылатын  ЖОО-дан кейінгі дайындық бағдарламаларын ұсынады:

1.  Менеджмент (оқыту мерзімі – 1жыл)

2.  Ақпараттық жүйелер (оқыту мерзімі – 1жыл)

3.  Шет тілі (оқыту мерзімі – 1жыл)

4.  Аударма ісі (оқыту мерзімі – 1жыл)

Сонымен қатар, ҚАЕУ шетелдік студенттерге іс-тәжірибе немесе еріктілік қызмет түріндегі қосымша оқыту бағдарламаларын ұсынады, олар білім алушының жеке сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады.

Шетелдік студенттерге арналған білім беру бағдарламалары туралы неғұрлым толық ақпарат сәйкес бөлімдерде орналасқан.

Шетелдік студенттің ҚАЕУ-де білім алуы

Шетелдік студенттердің ҚАЕУ-ге келуін ұйымдастырумен Халықаралық серіктестік департаменті айналысады. 4 қызметкері бар ҚАЕУ-дің Халықаралық серіктестік департаментінің шетелдік студенттер мен оқытушыларды қабылдау мен орналастырудың 20 жылдық тәжірибесі бар. Департамент қызметкерлері оқу визасына тапсырыс беру мен оны алу бойынша, орналастырылуы бойынша шетелдік студенттерге көмек көрсетеді, сонымен қатар ҚАЕУ-ге келу уақытындағы сабақ кестесін құруға да жәрдемдеседі.

Халықаралық серіктестік департаменті жағынан келетін көмектен басқа әрбір шетелдік студентке жергілікті студенттер немесе оқытушылар қатарынан бір куратор тағайындалады. Кураторлар қажет болған жағдайларда шетелдік студенттерге кеңес беріп, таңдаған бағдарламаны сәтті меңгерулерін қамтамасыз ету мақсатымен үздіксіз кездесіп отырады.

Шетелдік студенттер университеттің барлық ресурстары мен бағдарламаларына қатынау мүмкіндігін алады. ҚАЕУ-де Студенттік даму орталығы жұмыс жасауда, шетелдік студенттер 14 студенттік клубтың біріне қатыса алады, сонымен қатар өз клубын да ұйымдастыра алады. ҚАЕУ оқу ғимараттарының асханаларында қол жетімді бағамен қазақ және орыс ұлттық тағамдарының мол таңдауы бар. Сондай-ақ ҚАЕУ-дің меншігінде өз спорт залы бар, әр түрлі спорт түрлері бойынша спорттық командалар жұмыс жасауда.

ҚАЕУ-дің ең беделді бағдарламаларының бірі – студенттің көшбасшы қасиеттеріне бағытталған «Әлеуметтік жауапты көшбасшылықтың халықаралық бағдарламасы». Бағдарлама күзгі семестрде үш апталық жеделдетілген курс және желтоқсаннан сәуірге дейін 5 ай өтетін онлайн-курстардан тұрады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған соң, қатысушыға сертификат табысталады. ҚАЕУ-де білім алатын шетелдік студенттер осы бағдарлама бойынша да қосымша оқи алады. ҚАЕУ Шығыс-Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан. Бұл жаяу, қысқы және жазғы туризм үшін таптырмас өлке (шаңғы, сноуборд, коньки және т.б.).

Шетелдік студенттер үшін ҚАЕУ-де білім алуға тапсырыс беру талаптары.

ҚАЕУ-де білім алуға қызығушылық танытатын барлық шетелдік студенттер Халықаралық серіктестік департаментінің директоры Абилов Серік Мерзояновичпен serikabilov@kafu.kz электронды мекен-жай бойынша хабарласу керек. Шетелдік азаматтар өтінімді толтырған соң, электронды поштамен жіберіп, скайп бойынша онлайн сұхбаттан өтулері керек. Оқу визасын уақытылы алып, Қазақстан Республикасына келу бойынша барлық ұйымдастыру сұрақтарын шешу үшін өтінімді беру мен оқуға қабылдану үрдісін оқу бағдарламасы басталмастан кем дегенде екі ай бұрын аяқтауға кеңес беріледі.

Шетелдік студенттерді орналастыру

 ҚАЕУ-дің Халықаралық серіктестік департаменті ҚАЕУ-ге келетін шетелдік студенттерге орналасу бойынша көмектеседі.

Бір бөлмелі пәтер: бір бөлмеден, шағын ас бөлмесінен, жуыну мен дәретхана бөлмесінен  тұратын пәтерде әдеттегідей тоңазытқыш, электр плитасы бар. Пәтерде асхана құралдары мен қажетті жиһаз бар:  тақта/төсек/диван, орындықтар мен үстел. Өскемен қаласында бір бөлмелі пәтерді  жалдау барлық коммуналдық қызметтерді қоса есептегенде АҚШ-тың 200 долларына баламалы.

Екі бөлмелі пәтер: екі  бөлмеден, шағын ас бөлмесінен, жуыну мен дәретхана бөлмесінен  тұрады. Пәтерде тоңазытқыш, электр плитасы бар. Пәтерде асхана құралдары мен қажетті жиһаз бар:  екі тақта/төсек, орындықтар мен үстел. Өскемен қаласында бір бөлмелі пәтерді  жалдау барлық коммуналдық қызметтерді қоса есептегенде әрбір студент үшін  АҚШ-тың 150 долларына баламалы.

Өскемен қаласында тамақтану, көлікпен қатынау мен мобильді байланысқа айына АҚШ-тың 300-400 долларына баламалы қаражат қажет болады.

ҚАЕУ-ге бару

Өскеменге баруды ұйымдастыру қиындық туғызбайтын үрдіс. Эйр Астана авиакомпаниясы Алматы немесе Астанадан күнделікті рейстерді ұйымдастырады. Сонымен қатар Эйр Астана авиакомпаниясы Қазақстанның қалалары (Алматы,Астана) және Еуропа мен Азияның көптеген қалалары арасындағы рейстерді ұйымдастырады. Солтүстік немесе Оңтүстік Америкадан келген азаматтар Алматыға келетін рейсті тауып, кейін Алматыдан Өскеменге дейінгі рейсті табуға кеңес беріледі. Еуропадан/Азиядан Өскеменге дейінгі және кері ұшу бағасы АҚШ-тың 1000 долларына баламалы сомманы құрайды.