Электронды ресурстар

Жылдам және сапалы қызмет көрсету үшін кітапхана төмендегі ресурстарды ұсынады:

  1. КАБИС – кітапханада қызмет көрсетуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (интегралды кітапханалық-ақпараттық жүйе).
КАБИС

Электронды каталог бойынша КАБИС-те кітап басылымдарын ыңғайлы іздестіруге болады:

  • «Ағылшын тіліндегі кітаптар» базасы
  • «Орыс тіліндегі кітаптар» базасы
  • «Мерзімді басылымдар» базасы

2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана

Қазақстан-Американдық еркін университеті ресурстарына толық қол жетімділікті қамтамасыз ететін Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапханамен келісім шарт жасасқан. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана (РЖАЭК) – бірыңғай ақпараттық жүйеге республиканың ЖОО-дарының электрондық білім беру ресурстарын біріктіретін бірыңғай деректер қоры. Аталған деректер қорының негізгі мақсаты: профессор-оқытушылар құрамын, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды заманауи ақпараттық білім беру және интерактивті мультимедиялы ресурстармен толық қамтамасыз ету;

3. Springer деректер қоры

Қазақстан-Американдық еркін университеті on-line режимінде Springer деректер қорының толық текстегі ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ететін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен келісім шарт жасасты. 

Ресурстың төмендегідей нәтижелері бар:  

  • электронды кітаптар
  • электронды анықтамалықтар
  • журналдар
  • on-line-журналдарының мұрағаттары
  • on-line-кітаптарының және т.б. мұрағаттары.

Сілтеме: http://rmebrk.kz/

4. G-Global порталы

«G-Global коммуникативті» алаңы – бұл әлем бойынша порталдарда интернет қамтамасыз ететін бірегей жүйе:  

  1. Кітаптар- ақпараттық білім беру ресурстары.
  2. Жарияланымдар- аналитикалық жұмыс, сынақтардың және ғылыми жұмыстардың қорытындысы мен нәтижелері.
  3. Жарыссөздер – саясат, экономика, бизнес т.б. өзекті мәселелері бойынша екі немесе одан да көп қарсыластың пікірлесу алаңы.
  4. Сұрақтар  
  5. Форумдар (2009ж. бері әрекет етіп келеді) – әем бойынша ғылыми қызметкерлердің ғылыми идеясымен, тәжірбиесімен алмасуы.
  6. Эксперттік шолу – заманауи мәселелер бойынша өз ісіне жетік мамандардың пікірі.
  7. Жобалар –бизнес-жобаны эксперт шолуына ұсыну мүмкіндігі, бизнес-жоспардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер алу, ең бастысы аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тарту.
  8. Блогтар – «қоршаған әлемдегі оқиғаларға «кәсіпқой еместердің» үйреншікті заттарға жаңа көзқарасы.   

Аталмыш коммуникативтік алаң туралы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті айтып өтті және алаң Президенттің бастамасымен құрылды. 2012 жылдың 12-қаңтарында Астана экономикалық форумының www.aef.kz  сайтында бүгінгі таңдағы Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің танымал ғалымдарын, бизнес бірлестіктерін, билік органдарын,  біріктіретін «Коммуникативная площадка G – Global» таңдаулы жобасы шықты.  «G-Global коммуникативті» алаңы  әлемдік экономика мен жеке экономиканың дамуына қызығушылық танытатын  барлық әлеуметтік топтар мен әлем елдерінің азаматтарына бағытталған.   Бүгінгі таңда АЭФ-ның G-Global коммуникативті алаңы Қазақстандық және әлем бірлестіктері дүниетанымының әлеуметтік желісін біріктіреді.  Соңғы жыл ішінде сайтты күнделікті пайдаланушылардың саны  күніне 50-ден   2000-ға дейін артты.    АЭФ  сайтында 10.000 артық пайдаланушы тіркелді.

Пайдаланушылар бойынша елдің саны 128 әлем елдерін құрайды. 

Интернеттің порталының басты ерекшелігі Қазақстанның және әлемнің танымал тұлғалары мен заманның тамаша ойларының қатысуымен өтетін интерактивті жаңа жоба «ПЕРСОНА МЕСЯЦА» «Ай адамы» онлайн конференциясы.  Ай сайын аталмыш онлайн конференцияның өту барысында шақырылған қонақ өзінің консультативті пікірімен бөліседі және қатысуға тілек білдірген порталдың барлық қатысушыларының сұрақтарына жауап береді.   

ЖОО-ның студентері және қызметкерлері үшін

ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША БАСЫМДЫЛЫҚТАР 

  1. Форумға үздік жұмыстар жинағын шығару –сайтта орналасқан материалдардан форумның жинағына жарияланымды ары қарай орналастыру үшін  үздік жарияланымдар таңдалып алынады;
  2. Әлем бойынша ғылыми қызметкерлердің тәжірибелерімен және ғылыми идеяларымен алмасу;
  3. Жаһандық деңгейде ғылыми байланыс орнату;
  4. G-Global сайтында орналасқан жарияланымдар мен барлық ғылыми мақалалар бойынша ресми жарияланған статусын беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде;
  5. Жаһандық өзекті мәселе шешіміне конкурс өткізу, мысалы бірыңғай әлемдік валюта мәселесі. 

Сілтеме: https://group-global.org/

ПОЛПРЕД деректер қоры

Қолмен жиналатын маңызды жарияланымдар мұрағаты. Рубрикаторлы деректер қоры: 26 сала / 600 дерек/ РФ-ның 8 федералды округі/ 235 ел мен территория /басты материалдар/ бірінші 5000 тұлға бойынша мақалалар мен сұхбаттар. 

15 жыл ішінде күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілін толық қамтыған тақырып,  баспасөз бен ақпарат агенттігінің  миллиондаған үздік сюжеттері, іскерлік баспасөз.  Толық тақырыпты іздеу, негізгі сөз тіркестері, Word бойынша экспорт және т.б. тақырып редакторы, ондаған тақырып бойынша сабақтастықты іріктеу. Жеке іріктеу сюжеттері мен белгілері кез келген пайдаланушы құрылғысынан қол жетімді.  Салалар мен елдер бойынша интернет-сервис. Кітапхананың барлық компьютерлері мен ішкі желілерінде Polpred.сот –қа рұқсат етілген.   


Сілтеме: Polpred.com