Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

2024 жылғы 5 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Дін проблемаларын зерттеу орталығымен (ДПЗО) бірлесіп 1 курс студенттеріне арналған түсіндіру-ақпараттық әңгіме өтті.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының қоғамдағы діни қатынастарды реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің баптары, сондай-ақ интернет-кеңістіктегі деструктивті элементтері бар діни сайттарға кіру қаупі түсіндірілді. Сондай-ақ, студенттерге әңгіме тақырыбы бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, өзекті сұрақтарға толық жауап алды. Осы бағыттағы жастар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.