Халықаралық көшбасшылық: Шекарасыз ынтымақтастық

2023 жылдың 9 маусым күні Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2023 жылғы көшбасшылық академиясы бойынша Халықаралық қорытынды конференция: «Көшбасшылықтың тиімді әлеуметтік-жауапты халықаралық тәжірибесі» Қазақстан, АҚШ, Ауғанстан, Таиланд және Филиппин» елдерінен келген қонақтармен қорытынды марапаттау рәсімі өтті.

«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы (ISLP – International Servant Leadership Program) – ынтымақтастықта құрылған бірегей бағдарлама Co-serve International ұйымымен (Портланд, Орегон, АҚШ) және Қазақстан-Американдық еркін университетін байланыстырады. Бұл бағдарлама студенттер, магистранттар және докторанттар үшін арнайы әзірленген көшбасшылыққа жаңа тәсілдерді оқыту, қоғамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке және кәсіби даму потенциалын, команда құру және шығармашылық күш-жігерді біріктіру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуді үйретеді.

Іс-шараның спикерлері Дэниэл Бэлласт – ҚАЕУ Халықаралық бағдарламалар жөніндегі вице – президенті және ҚАЕУ халықаралық бағдарламаларының директоры Анна Кабардина болды. Ынтымақтастықтың және көшбасшылықтың бірегей бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын ҚАЕУ-дің бірінші вице-президенті Байкенов Жасұлан Ерболұлы атап өтті. Бағдарламаға қатысушылар, соның ішінде Таиланд, Ауғанстан, Филиппин, АҚШ өкілдері, университетіміздің және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері құттықтау сөз сөйледі. Сертификаттарды тапсыру кезінде қатысушылардың әрқайсысы халықаралық Көшбасшылық академиясын қалыптастыруға көмектескен өз миссияларын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі салалардың өкілдеріне алғыс хаттар табысталды, олар академиялық бағдарламаға қатысып, өз салаларында көшбасшы екендіктерін дәлелдеп, қарапайым адамдарға көмектесіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсете білді.

Қоғамның маңызды проблемаларының бірі-жеке және кәсіби көшбасшылық әлеуетті дамыту, жастар арасында студенттермен мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын игеру. Қазақстанның жоғары оқу орындары ішіндегі халықаралық байланыстарын нығайту – және «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы барлық осы міндеттерді жоғарғы деңгейде орындайды!

Барлық қатысушылар мен серіктестерге алғыс білдіреміз!