Инклюзивте жұмыс істеудің практикалық дағдылары

ШҚО бойынша инклюзивті білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы жалпы және кәсіптік білім алуы үшін жағдай жасай отырып, бір мезгілде біріктірілген модельді қызметін жүзеге асыратын ШҚО ББ «Ақ ниет»мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоғары кәсіби даярланған мамандар жұмыс атқарады. 2023 жылдың 25, 26 қыркүйегінде ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Саданова Ж.К. және Чункурова З.К. жетекшілігімен педагогикалық білім беру бағдарламасының студенттері сол мектептегі арнайы мамандардың сабақтарына қатысып, оқу-тәрбие үдерісін бақылады. Директордың оқу жөніндегі орынбасары Жалаушинова Лира Мухаметкановна студенттерді әр маманның, дефектолог (тифлопедагог) Енсебаева Сауле Курмангалиевна, мұғалім-логопед Ахметова Гульнара Саинбековна, сурдопедагог Аңсағанова Айым Болатханкызы және емдік дене шынықтыру инспекторы Мамырбеков Ақжол Жанатбекұлының кабнеттеріне бөліп, арнайы мамандардың балалармен жұмысын бақылауға мүмкіндік жасады. 

Педагогика және психология кафедрасы