«Инклюзивті білім беру: ерекшеліктері мен даму келешегі» атты дөңгелек үстел

2024 жылдың 10 сәуірінде «Инклюзивті білім беру: ерекшеліктері мен даму келешегі» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің мақсаты –мәселелер мен одан әрі даму  келшегін талдау, ерекше білімге мұқтаж адамдар үшін қолжетімді білім алу мүмкіндіктерін анықтау.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, инклюзия мәселесін «АСБ бар балаларға арналған «Ғажайыптар елі» арнайы мектеп-балабақшасы» ЖШС директоры Мамбурова Лилия Юрьевна қозғады. Ол «АСБ бар балаларға арналған инклюзивті білім беру: «Ғажайыптар әлемі» арнайы мектеп-балабақшасының тәжірибесі» баяндамасын жасады.

Педагогикалық аспектіде бұл мәселені келесі баяндамашылар талдады: Латаева Анастасия Константиновна, Өскемен қаласы білім бөлімінің «№37 орта көпсалалы мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, мына тақырып бойынша баяндамасымен: «Арнайы білім беруді қажет ететін балалардың білім беру тиімділігі және эмоционалдық салауаттылығы: тәжірибеден алынған ұсыныстар»; Осколкова Анна Александровна, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы: «Ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқу үдерісіне тартуды қамтамасыз ету үшін заманауи АКТ-ны пайдалану» тақырыбындағы баяндамасымен; Герсонская Валентина Владимировна, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы «Аудармашылық тәжірибе бойынша сабақтарда инклюзивті білім беру ортасын құру» тақырыбындағы баяндамасымен.

Сонымен бірге іс-шарада Ресей мен АҚШ өкілдері де сөз сөйлеп, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті: Карпенкова Инна Вячеславовна, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі маман, Мәскеу қалалық психологиялық-педагогикалық университеті, инклюзивті білім беруді дамыту Федералды орталығының жетекші талдаушысы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда субъективтілікті қалай жоғалтпау керек» тақырыбында; Ломакина Елена Васильевна, педагогика магистрі, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Білім және ғылым институтының аспиранты, практикалық педагогикалық психолог және Артём Боровик атындағы орта білім беру мектебінің инклюзивті білім беру саласындағы тьютері «Мәскеу мектебінің инклюзивті білім берудегі тьютор қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және жұмыс ерекшеліктері» тақырыбында; Кэйтлин Хайд, ағылшын тілі және математика пәнінің сертификатталған мұғалімі, оқуда ауытқулары бар балалармен жұмыс жасау ғылымдарының магистрі, Портленд, Орегон, АҚШ, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел жұмысына білім беру ұйымдарының келесі өкілдері қатысты: ШҚО «Ақ Ниет» мектеп-интернаты» КММ педагог-тәрбиешісі Чанваева Айгерім Тағымбекқызы және Өскемен қалалық білім бөлімінің «№13 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Кабиева Динара Советханқызы..

Педагогика және психология кафедрасы