KAFU LEADERS жобасына американдық спикерлердің қатысуы

2023 жылдың сәуір айында американдық әріптестер, оқытушылар Рональд Уайли, Джанин Уайли және Дэниел Балласт «Мектеп медиация қызметтерін дамыту жанжалдарды шешу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде» жобасына спикерлер ретінде қатысты. Жүз елуден астам тыңдаушы – Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің оқушылары мен мұғалімдері америкалық мектептердегі қақтығыстардың алдын алу және шешу тәжірибесімен танысты.

PhD докторы, профессор Рональд Уайли және Джанин Уайли жанжалдардың алдын алу мен шешудің қалпына келтіретін тәжірибесі ретінде «дөңгелек диалог» әдісімен бөлісті.

ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Балласт эмоционалдық интеллектті басқару негіздерін қарастырып, жанжалдарды шешудегі бұл дағдының маңыздылығын атап өтті.

Жоба қатысушылары баяндамашыларға алғыстарын білдіріп, жоба аяқталғаннан кейін медиация дағдыларын дамытуды жалғастыруды ұсынды.

KAFU LEADERS