Кэти Хайд тағы да бізбен бірге!

Сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі Кэйтлин Хайд бізге Қазақстан-Американдық еркін университетіне қайта келіп, 1-3 курс студенттерімен қызықты сабақтар өткізеді.

2023 жылғы 14 наурызда Кэти Хайд «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 3 курс студенттеріне арналған «Шетел тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ 2 курс студенттеріне арналған «Шетел тілін оқытудың заманауи әдістемесі» пәндері бойынша тәжірибелік сабақтар сериясын бастады.

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты жақсы түсіну үшін біздің студенттер сыныпта мәнерлеп оқу үшін шынайы көркем кітаптармен жеке жұмыс жасады. Топта жұмыс істей отырып, олар әр түрлі көрнекіліктермен – карталармен, суреттермен, ойыншықтармен және саусақ қуыршақтарымен жұмыс істеуге арналған жаттығулар нұсқаларын талқылады. Алынған ақпаратты бекіту мақсатында студенттер өздерінің кәсіби іс-тәжірибесі барысында өткізе алатын шағын ойындарын көрсетті.

Шетел тілдері кафедрасы