Көшбасшылық Академиясы 2023 – бірінші аптаның қорытындылары

2023 Жазғы Көшбасшылық Академиясының  бірінші аптасы аяқталуға жақын. Аптаның басында академия мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар студенттер Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханасына барды, онда олар American Corner еріктілер қызметімен танысты.

Бейсенбіде қатысушыларға медиа сауаттылығы бойынша Мичиган университетінің Ph.D профессоры Дуглас Хартманның, АҚШ, семинарына қатысуға ерекше мүмкіндік берілді.

Академияға ҚАЕУ президенті – Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев те келді. Ережеп Әлхайырұлы ЖОО құрылуы, ашық есік саясаты туралы айтып, бірнеше қатысушыға өз кітабын сыйға тартты.