«Көшбасшылық пен ғылыми қызметтің өзара байланысы»  шеберлік сабағы

«Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» ҚАЕУ жас ғалымдарының XIV Халықаралық форумы аясында ҚАЕУ халықаралық бағдарламаларының вице-президенті, Co-serve International ұйымының директоры Дэниел Бэлласт әртүрлі мамандықтардың екінші курс студенттеріне «Көшбасшылық пен ғылыми қызметтің өзара байланысы» шеберлік  сабағын өткізді.

Бұл кездесуде студенттер көшбасшылықтың не екенін және жақсы көшбасшыны қалай анықтауға болатынын, қалай осындай көшбасшы-ғалым болуды талқылады. Ең бастысы-көшбасшылықтың қай түрі ғылымда сәтті жүзеге асыру үшін тиімді.

Шеберлік сабағы студенттерге өз пайымдауларына сүйене отырып, белгілі бір тұжырымдар жасауға– көшбасшы ғалым болу үшін мақсаттар қоюды және оларға қол жеткізуді үйрену, тұлғааралық қарым-қатынастарды сауатты құруды үйрену, командада жұмыс істеу дағдыларын игеру, өз бойында тиісті көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік берді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы