«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында қонақ дәрісі

2023 жылғы 20 қазанда бизнес кафедрасының білім алушылары «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында қонақ дәрісіне қатысты.

Спикер ретінде қазіргі уақытта ШҚО Катонқарағай ауданы Әкімдігінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып табылатын бизнес кафедрасының түлегі Манасов Мерей Қуатұлы сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, олардың барлық көрсетілетін қызметті алушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге  көп көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ұсынылатын құжаттардың мерзімі мен тізбесі қысқартылуда, қайталанатын рәсімдер алынып тасталуда және мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылуда.

Қонақ дәрісі барысында спикер мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпаратпен бөлісті.

Соңында тыңдаушылар спикерге алған ақпараты үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.

Бизнес кафедрасы