«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ – мен ынтымақтастықтың жаңа жолдарым

Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалымен ынтымақтастық  келешегін кездесу барысында талқылады.

Өрлеу – бұл біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы. Негізгі қызмет түрі – мектепке дейінгі, орта және жоғары білімнің, сондай-ақ колледждердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру.

Филиал директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова ҚАЕУ өкілдерімен мұғалімдер үшін де, жоғары оқу орны үшін де ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын талқылады,

Кездесуге ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкенов, ректордың кеңесшісі Нестеренко Наталья Александровна және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Васильевна Новицкая қатысты.

Білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің серпінділігі мен жаһандылығы, қоғам тарапынан өз білімін үздіксіз жаңартуға, тез қайта даярлауға және тез өзгеретін әлемде табысты өмір сүру үшін өз қабілеттерін қолдану саласын өзгертуге қабілетті сыни ойлы және функционалдық сауатты тұлғаны даярлауға қойылатын талаптардың артуы мектепті ғана емес, сонымен бірге жоғары білім беруді де ұйымдастыруға деген көзқарастарды үнемі қайта қарау қажеттілігін талап етеді.

ҚАЕУ мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ынтымақтастығының жемісті тарихы заманауи білім беру саласындағы жаңа талаптарды ескере отырып және жаңа міндеттерді іске асыра отырып, жұмысты құруға ықпал етеді.

Ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!

Жұртшылықпен байланыс орталығы