Психологиядағы Арт-терапиялық тәсіл

2023 жылғы 09 қыркүйекте «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Арт-терапевтік тәсіл» пәні аясында шақырылған ҚАЕУ түлегі, тәжірибелік  психолог-кеңесші Куленова Вера би-қозғалыс терапиясы әдісін көрсетті. Бұл психотерапияның бағыты, онда би мен қозғалыс жеке тұлғаның эмоционалды және физикалық әлеуметтенуіне ықпал ететін процесс ретінде қолданылады.

Әдістің мақсаты — өз денесін тану, оның жағымды бейнесін қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, топтық тәжірибе жинақтау.

Топтық жұмыс барысында мына техникалар қолданылды:

1. Топтық және жұптық жұмыста өз қозғалыстарының өзгергіштігін кеңейту.

2. Би-қозғалыс терапиясындағы талдау және диагностика-Лабан талдауы (LMA).

3. Іске қосылмаған аймақты  тәжірибелік зерттеу.

4. Бишінің қозғалысын бақылайтын бағаланбайтын кері байланысын үйрету және т. б.

Педагогика және психология кафедрасы