Психологиялық кеңес берудегі гештальт тәсілінің тәжірибесі

2023 жылғы 01 қарашада «Психологиялық кеңес беру негіздері» пәні шеңберінде «Психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне шақырылған  тәжірибелік кеңесші психолог, гештальт-терапевт Рыбалкина Светлана практикалық сабақта кеңес берудегі гештальт-тәсілдің ерекшеліктерін ұсынды.

Гештальт терапиясы – бұл сананың таралуына ықпал ететін психотерапия әдісі және оның негізінде үлкен ішкі тұлғалық тұтастыққа, өмірдің толықтығы мен мағынасына қол жеткізу, айналасындағы адамдармен және сыртқы әлеммен байланысын жақсарту.

Топтық жұмыс барысында байланысты үзу тетіктерімен жұмыс істеу әдістері, кейіннен үдеріс -талдаумен демонстрациялық психологиялық консультация, сондай-ақ консультацияда  феномендерді талқылай отырып топтық пікірталас қолданылды.

Педагогика және психология кафедрасы