ҚАЕУ-де Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында жер сілкінісіне дайындық бойынша дәрістер мен оқу-жаттығулар өткізілді

1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында Қазақстан-Американдық еркін университеті ШҚО ТЖД-мен бірлесіп, жер сілкінісі кезіндегі  әрекет бойынша дәріс және үйрену жаттығуын өткізді. Бұл маңызды іс-шара бізге төтенше жағдайларға дайын болуды және өзімізді және басқаларды қорғау үшін қалай әрекет ету керектігін білуді еске салды.

Біз не білдік:

Эвакуация жоспарын білу: әрқайсымыз жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін білуіміз керек. Ғимараттың қалай шығу, қайда бару керек және эвакуациядан кейін не істеу керек – бұл өте маңызды ақпарат.

Қауіпсіз орындар: жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерлерді қалай таңдау керектігін білді. Бұл жарақат алу қаупі аз болатын ғимарат ішіндегі ашық кеңістіктер немесе оқшауланған жерлер болуы мүмкін.

Жер сілкінісі кезіндегі әрекет: жер сілкінісі кезінде не істеу керектігі талқыланды: төмен түсу, тасалану және ұсталыну. Бұл әрекеттер өмірді сақтап қала алады.

Сондай-ақ, ТЖД қызметкері үйрену жаттығуларын өткізіп, жер сілкінісінен кейінгі  әрекет алгоритмін берді.

Тиісті қызметтердің нұсқауларын орындау және жағдайды нақтылағанға дейін қауіпсіз жерде болу маңызды.