ҚАЕУ-де «Халықтар достығы – Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты диалог алаңы өтті.

2024 жылғы 10 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Халықтар достығы – Қазақстандағы тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара ҚАЕУ-де өткен XIV Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында өтті.

Диалог алаңының қатысушылары көпұлтты Қазақстанда тұратын түрлі этностардың өкілдері болды.

ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Бэлласт іс-шараға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол жиналғандардың барлығына қатысқандары үшін алғыс айтып, түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруінің маңыздылығын атап өтті.

Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, «ТМД елдерінің үздік мұғалімі» жобасының жеңімпазы Исраилов Руслан Жабраилұлы қалалық мәслихаттың, сондай-ақ мектептегі оқу-тәрбие процесінде оның жеке қатысқан, этносаралық келісімді сақтауға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Іс-шараға Шығыс Қазақстандағы қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің өкілдері де қатысты. Олардың қатарында: Артамонов Владислав Андреевич – казак мәдени орталығының белсендісі және «Вайнах» хореографиялық ансамблі директорының орынбасары, Роот Лидия Генриховна – неміс мәдени орталығының белсендісі, «Майглекчен» вокалдық ансамблінің директоры, Борисович Галина Августиновна –беларус мәдени орталығының төрайымы.

Диалог алаңына ШҚО ІІД-нен университеттің әлеуметтік серіктестері қатысты. Полиция подполковнигі Карпова Татьяна Владимировна ШҚО ІІД жүргізіп жатқан ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Іс-шара қонақтарының қатарында музыкант Батыр Мұқанов та болды. Ол өзінің шығармашылығы арқылы Қазақстандағы ұлтаралық бірлікті нығайтуға қалай үлес қосып жатқанын айтты. ҚАЕУ түлегі Ильдар Ғабдуллин татар халқының мәдениетіне тоқталды.

Диалог алаңына жас қонақтар – ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығының студенттері Томирис Рахметова, Артур Герингер, Мелек Тутуман және Роман Қасеновтың қатысқанын ерекше атап өткен жөн. Жігіттер қазақ, неміс, түрік, орыс халықтарының салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Диалог алаңының барлық спикерлері мен көрермендеріне осы іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен бірлігі нығайып, сүйікті еліміз – Қазақстан Республикасының гүлденуін қамтамасыз ете берсін!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы